Posted by: saken | Мамыр 31, 2008

Оқу жайы

Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. толығырақ оқыңыз

Posted by: saken | Мамыр 30, 2008

Сақина

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды.

Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол-тазалық таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. толығырақ оқыңыз

Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, қырық сан қара Қалмақ, Қатсыбан, он сан Ноғай, бүлгенде Орманбет би өлгенде Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті. Ала тайдай бүлдірді делінген сөз сонан қалған деседі. толығырақ оқыңыз

Posted by: saken | Қараша 27, 2007

Он төрт тоймас бар

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.
Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды.
Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды.
Өмір жасауға тоймайды, бай малға тоймайды.
Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды.
Қатын ерге тоймайды, өлік дұғаға тоймайды.
Бала нанға тоймайды, тірі іске тоймайды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Posted by: saken | Қараша 27, 2007

Көңіліңе астамшылық алма

Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады. толығырақ оқыңыз

Бұрынғы жазбалар »

Категориялар