Өзім жайлы
Өзім жайлы қысқа да нұсқа жазсам… Есімім Сәкен. Туған жерім Қызылорда облысының Қазалы ауданы. Сол ауданға қарасты Жалаңтөс батыр (бұрынғы Қызыл-Ту) ауылының топырағында дүниеге келіппін. Мектептің 9 сыныбын сол ауылда оқып бітіріп білім іздеп шетелге болмаса да, кең байтақ Қазағымның даласын біраз жерін шарлаппын. Адамның басы Алланың добы деген емес пе, қанша жерді араласам да туған елдің топырағының тартуы шығар, дәл ауылымның жанындағы Байқоңыр қаласына келіп білім алдым. Қазір осы қаладағы белді мекемелердің бірінде инженер болып қызмет атқарамын. Энергетика саласының маманымын.
Әзірге осы, қазақ блоггерлерінің қатарына қосылсам ба деген арманым бар еді. Сол ойымның жемісі деп бағалаңыздар!!!
ПыСы: Мен қазір… Алматылықпын.
Осында электрика саласында үлкен бір жобаны қолға алып жатырмыз.
Алматы қазақ блогшыларының ұстаханасы дерсің. Келгелі бірнеше рет кездесіпте үлгердік. Алдағы күндері әлі де таныстықтарымызды арттыра түсеміз деген үміттемін.
Сол кезде менің де блогымдағы материалдарды талқылап отырсақ, жаман емес сияқты.
Сонымен блогымды жандандырсам деп отырмын.
Жаңа қонысыңыз құтты болсын!
Блогынды неге жанартпай журсин жок дейин десем солай де кунде журесин, блогта жаксы хабар кутемиз. Бастаган исинди жалгастыруынды сураймын.
Sizdegi ultjandylyk kasiet shirkin barlyk kazakta bolsa goi…
Жақында қызықты жазбалар жарияларсыз деп үміттенемін
Сәкен нағашы! Блогыңыз құтты болсын! Байғазыңа не берсем екен?
Қазақ интернет әлеміне үлес қоса бер!
ote unap otyr. bundaj zhaksy dajyndalgan materialdardy okytu ushin de koldanuga bolar edi – ote nakty zhasalgan eken. Kadamdaryn satti bola bersin! Osydan bastap otrysan, bolashagyn zor bolsyn!
Құрметті Сәкен! Мен Қызылорда қаласында тұратын Серікбай деген ағаңмын. Сіздің блогыңызға Асхат Үркімбай інім сілтеді. Блогыңызда ойлы дүниелер көп екен. Мен де өз блогымды аштым. Аты: “Серікбайдың жан тану блогы”, яғни қазақ тілінде психология туралы. Медициналық тақырыптар да болады. Блогым қарпайым. Келешекте түзелер деп ойлаймын. Хабарласып тұрайық. Мен “Сыр емшісі” деп аталатын Қызылорда облысындағы медициналық газеттің бас редакторымын. Сіздің бастамаңызға сәттілік тілеймін. Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, Қызылорда.
Сәкен ағай блогыңыз өте тамаша екен тұрақты оқырмандарыңыз саны тағы бір кісімен қосылды блогыңыз тамаша екен иншаллаһ жиі қонақ болып тұруға тырысамын
Сәкен саламатсыз ба, блогыңыз құтты болсын, іші жақсы нелерге толсын.
көптен қозғамай жүрген блогыма жан бітірсем деп ойлап отырмын.
Негізі менің блогымның да өз оқырмандары бар екенін көріп қуанып отырмын іштей.
Өз ойымнан жазып, ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленетіндей блог жүргіземін деп айта алмаймын. Өзіме ұнаған, бірақ интернетте жоқ-ау деген қызықты ақпараттармен өздеріңізбен бөліспекпін.
іске сәт! жоспарларыңыз орындала берсін!