Демалыс Қыркүйек 14, 2007
Posted by saken in Қызықты.1 comment so far
Дүйсенбі қыркүйек айының 17-ші жұлдызынан бастап, кезекті еңбек демалысындамын.
Жақсылап бір демалып келіп, әлемтордағы ауылымды одан әрі қарай дамытсам деген ойдамын. Қолдан келгенше демалыс арасында да блогымды жаңалап тұруға тырысамын. Әзірге бар ойым демалысымды мәнді де қызықты өткізу!!!
Кездескенше САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!! ![]()
«ЖАННЫҢ ТӘРБИЕШІСІ-АҚЫЛ, СЕЗІМ, ҚАЙРАТ» Қыркүйек 4, 2007
Posted by saken in Тәрбие.1 comment so far
Қазақты тура жолға бастайтын да, адастыратын да – оқығаны.
Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.
(жалғасын оқу…)
САЙЛАУ Қыркүйек 4, 2007
Posted by saken in Саясат.6 comments
Осы жаз Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һәм Орал облыстарында сайлау. Қазақ сайлауы жұртқа келген бір жұт. Сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз, малшыдан басқа үйде отырып шаруасын қараған адам болмас. Сайлау жылы жұрттың көбінің мінгені біреудің арқасы жауыр, құйрығы шолағы, қыдырып ішкені біреудің қымызы, жатқаны біреудің үйінің арты, сайлау жылы қазақ ғұмыры осымен өтеді. Осыншама бүлінгендегі мақсаты болыс, би, елу басы, старшын болмақ, дұшпанынан кек алмақ, намысқа тырыспақ, момын бұқара халыққа алым-шығынды аударып тастап бай болмақ. Мұнан қазақ халқына келешек уақытта не пайда? Болыс болу да не қасиет?
Еуропа жұртының сайлауы халықка тегіс бір үлкен той. Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол, адам аспас асқар бел, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады. Сайлаған адамы халық қызметшісі, әр орынға сайланғанда мынау білгіш, мынау шешен, мынау көсем, мынау әділ деп әр қайсысын өз орнына сайлайды. Біз қайтеміз? Төрдегі басын есікке сүйреп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылып, атының майын параға беріп біздің адасқан сорлы қазақ міне болыс, міне би, міне старшын, міне елу басы дейді. Қазақтың бұл ісі, жүрмейтін сағат салған, атылмайтын алты-атар мылтық асынған, күштінің көлеңкесінде намаз оқыған секілді, құдай қарғағандық. Мұнда да не кінә бар: үлгісіз, өрнексіз өскен, ақшаға сатылған елу басылар тас салған соң, қарақшыға да түспекші емес пе?
Қырда үлгілі, өрнекті шешен, жүйрік, таза әділ жақсылар да бар ғой! Бұлардың қылып жүрген істері көзге көрініп тұрған жоқ, Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кезек келген жоқ па?
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт боп тіршілік қылып жүрмек емес. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан ерер еді. Жұртқа пайда келтіретін жол нұсқасы мынау: бұзылған атылмас мылтық иелері шығынын төлетіп алуға алымды момындарға, жетім-жесір бишараларға аударып жүр ғой. Осы алымды әділ закон жолы мен бөлем дегендер жиылса, сонан жұрттың пайдасы табылар еді…..
1913 жыл.
Бұл осыдан бір ғасырдай бұрын Әлихан Бөкейханұлының “Қазақ” газетіне жазған мақаласы екен. Арада қаншама жылдар өтті, қаншама билік ауысты… Бірақ ….