ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ Қазан 16, 2007
Posted by saken in Тарих.add a comment
Европада көшпелі рулар жөнінде әлі күнге дейін бір жалған пікір басым болып келеді. Ол жалған пікір бойынша, көшпелі рулар бір жауыз тобыр сияқты. Бір тәртіпсіз тағы сияқты. Олардың ойынша, көшпелі моңғолдар мен қазақтар мал сияқты жосып жүрген надан варварларға жақын боп шығады. Ал шынына келсек, бұл тағы деп отырған жұрттардың көбінің жазба түрінде болсын, әуез түрінде болсын, өз әдебиеті бар, өз сөз өнері бар…
Солардың ішінде қазақ халқы айрықша шығады. Ақыл-ой өнері жағынан сахараның қазағы шаһарда тұратын татарлар мен түріктерден әлдеқайда жоғары жатыр. (жалғасын оқу…)
ҒАРЫШТЫҚ ТҰЛҒА Қазан 15, 2007
Posted by saken in Қазақтың біртуар ұлдары.4 comments
Құйқалы өлкені мекендейтін қарға тамырлы қалың қазақта, жалпы, ұшан-қиыр шалқып жатқан алып шығыста қалыптасқан үлкен бір тамаша дәстүр бар: елінің атын шығарып, халқын құрметке бөлеген, жұртын тәнті қылып, өскелең ұрпағына үлгі-өнеге болған даңқты ұл-қыздарын даралап, тек азан шақырып қойған аттарымен ғана аялап атайды.
Мысалы, біз Қазтуған, Абылай, Бұқар, Абай, Шоқан, Мағжан, Мұстафа, Қаныш, Мұхтар, Нұрғиса деп жатамыз. Ата-тегін іздестірмейміз, ауылын іздеп жатпаймыз, әйтеуір барша қазаққа ортақ біртуар ұлы тұлға болған соң, тек бәрімізге әйгілі әрі даңқты атын ғана әспеттеп атаймыз.
Алаштың сондай дара жаратылған біртуар алып тұлғаларының бірі — қазақтың Тоқтары. (жалғасын оқу…)
Мал атасы Қазан 15, 2007
Posted by saken in Қызықты.1 comment so far
Қазақ — ертеден мал баққан, малмен сыр-мінез халық. Ол әртүрлі малдың өзінің атасы, пірі, құдайы бар деп білген. Жылқы атасы — Қамбар, түйе атасы — Ойсылқара, сиыр атасы — Зеңгібаба, қой-ешкі атасы — Шопан ата деп санаған.
Сондай-ақ, қазақ бұрынғы уақытта төрт түлік малдың әрқайсысын өздерінің мінезіне, қасиеттеріне қарай арнаулы сөз-атаумен шақырған, тиған, жекіген.
Мысалы: жылқыны “қыру-қыру”, “мо-мо!” деп шақыр-ған; “Тәк-тәк!” деп тиған, “жамандатқыр!” деп қарғаған. Түйені “Кәуіс-кәуіс!” деп шақырған; “шөк-шөк!” деп тиған; “сарып болғыр!” деп қарғаған. Сиырды “ауқау-ауқау” деп шақырған: “Өк-өк” деп тиған; “қарасан келгір!” деп қарғаған. “Кебенек келгір” деп ұрысқан. Қойды — “бтішеу-бтішеу!” деп шақырған; “шөйт-шөйт!”деп қайырған, “топалаң келгір!” деп қарғаған.
Қазақ малдың иесіз қалуын, арам өлуін олар үшін ауыр жаза деп түсінген: төрт түлік малдың қай-қайсысын болсын “иесіз қалғыр!”, “арам қатқыр!” деп те қарғаған.
Бұрын қазақ есекті, шошқаны малға санамаған, асырамаған. Сондықтан оларды әлгі аталған малдардай иесі бар деп білмеген, арнайы атаумен атамаған.
Малды бағушыларды қойшы, жылқышы, түйеші деп атаған. Ал сиыр бағушыны сиыршы демей падашы деген.