Оқу жайы Мамыр 31, 2008
Posted by saken in Саясат, Тарих.10 comments
Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. (жалғасын оқу…)
Сақина Мамыр 30, 2008
Posted by saken in Қызықты.2 comments
Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды.
Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол-тазалық таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. (жалғасын оқу…)