Posted by: saken | Мамыр 31, 2008

Оқу жайы

Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі ойлап қараса, біздің қазақ мұғалімсіз емес. Бұл заманда не нәрсе машинаға істеледі. 10-11 сомға алып отырған былғары былтырғы 4-5 сомға сатқан терісі.Киізі 6-7 сомдық шұғалар, трикелер қазақтың бір пұдына 3-4 сом алып жатқан малының жүні. Қазақтың осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол алған нәрселерінің бәрін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс аяқ, бәрі де заводта, фабрикада істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нәрсенің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20-25 жыл бұрын қазақ Бұқар, Ташкентке түйемен кіре салып, қанша пайда қылушы еді. Теміржол түскен соң ол пайда да қазақ қолынан кетті. Басқа жұрттан да өздерінің істеген нәрселерін өз ішіне сатып, жұмсалған ақша өз іштерінде қалып шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен біріне ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ…

Ахмет Байтұрсынұлы

«Қазақ», №11, 1913 ж.

Осы мақаланы оқып отырып, содан бері 1 ғасыр емес, тіпті 1 жылда уақыт өтпегендей ойға қалдым…


Жауап

  1. Келісемін. Түк өзгеріс жоқ. Өндіріп отырған жоқпыз, шикізат сатқанға мәзбіз. Қызықты мәліметпен бөліскеніңе рахмет, Сәкен!

  2. ойыңа қосыламын, білімсіз алысқа кете алмайсың, ал еш пайдалы қазбасы жоқ білімді бірінші приоритетте қойған Сингапур елінің ішкі өнім табысы Қазақстандікінен 3 есе жоғары болып табылады! Сәкен

  3. Ең жаманы барды да игере алмай отырғанымыз ғой. ҚазСат соның дәлелі деп ойлаймын.

  4. Айтпа! Масқара болдық!

  5. Бос сөзге толы блог. Дым қызық емес.

  6. Сәкен! Ойыңыз дұрыс, шындығы мол. Әрі қарай қызықты тақырыптар болады деп ойлаймын. Серікбай Смағұлұлы, Қызылорда.

  7. Қадіріне жеткенге, қадірі артық мақала! Осы материалды сіздің блогыңызға кірген сайын оқимын. Ойланамын… Сосын, тағы да “Осы Сәкен мырза неге блогына мән бермей кетті екен?” деп те ойланамын :)

  8. Ақұдай десейші..


Leave a response

Your response:

Категориялар