Оқу жайы Мамыр 31, 2008
Posted by saken in Саясат, Тарих.10 comments
Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. (жалғасын оқу…)
Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған Қараша 27, 2007
Posted by saken in Тарих.2 comments
Қырық сан Қырым, отыз сан Рұм, он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт, қырық сан қара Қалмақ, Қатсыбан, он сан Ноғай, бүлгенде Орманбет би өлгенде Ноғайлының елі бір алаша тайдан бүлініпті. Ала тайдай бүлдірді делінген сөз сонан қалған деседі. (жалғасын оқу…)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ Қазан 16, 2007
Posted by saken in Тарих.add a comment
Европада көшпелі рулар жөнінде әлі күнге дейін бір жалған пікір басым болып келеді. Ол жалған пікір бойынша, көшпелі рулар бір жауыз тобыр сияқты. Бір тәртіпсіз тағы сияқты. Олардың ойынша, көшпелі моңғолдар мен қазақтар мал сияқты жосып жүрген надан варварларға жақын боп шығады. Ал шынына келсек, бұл тағы деп отырған жұрттардың көбінің жазба түрінде болсын, әуез түрінде болсын, өз әдебиеті бар, өз сөз өнері бар…
Солардың ішінде қазақ халқы айрықша шығады. Ақыл-ой өнері жағынан сахараның қазағы шаһарда тұратын татарлар мен түріктерден әлдеқайда жоғары жатыр. (жалғасын оқу…)