jump to navigation

Он төрт тоймас бар Қараша 27, 2007

Posted by saken in Тәрбие.
1 comment so far

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.
Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды.
Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды.
Өмір жасауға тоймайды, бай малға тоймайды.
Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды.
Қатын ерге тоймайды, өлік дұғаға тоймайды.
Бала нанға тоймайды, тірі іске тоймайды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Көңіліңе астамшылық алма Қараша 27, 2007

Posted by saken in Ертегілер елінде, Тәрбие.
1 comment so far

Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады. (жалғасын оқу…)

Киіз үй Қараша 27, 2007

Posted by saken in Тәрбие, Қызықты.
5 comments

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. (жалғасын оқу…)

«ЖАННЫҢ ТӘРБИЕШІСІ-АҚЫЛ, СЕЗІМ, ҚАЙРАТ» Қыркүйек 4, 2007

Posted by saken in Тәрбие.
1 comment so far

Қазақты тура жолға бастайтын да, адастыратын да – оқығаны.
Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды.
(жалғасын оқу…)

Бақытты болам десеңіз…… Тамыз 16, 2007

Posted by saken in Тәрбие.
1 comment so far

1. Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын тумаңды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытыңды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссаң, өзіңді бақытты сезінесің.
2. Жұмысыңды бар күшіңді жұмсап ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың өзіңе ұнамаса, басқа қызметке ауыс. Өміріміздің көбісін жұмыста өткіземіз, сондықтан оны азапқа айналдырудың керегі жоқ. Бұл – өзіңе де, қоғамға да әлдеқайда тиімді.
3. Бақытты болуға тырысыңыз. Не нәрсе көңіліңізді көтеріп қуантады, бақылап көріңіз. Салыңыз суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған іспен айналыс (әрине қылмыстан басқа).
4. Дене қимылы белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам керемет ләззат алады. Академик Павлов бұл сезімді «бұлшық ет қуанышы» деп атаған екен. Дене қозғалысымен айналысқанда мидан есірткідей әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген ой бар. Сондықтан өзіңе ыңғайлы спорт түрімен айналысып, қаласаң жүгіріп, билеуіңе де болады. Ерте тұрып, есігіңіздің алдын сыпырып, жазда көгалдандырып, қыста қарын лақтыру да сергітіп, өзіңді бақытты сезінуге себін тигізері хақ.
5. Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз бас пайдамызданбас тарту, яғни альтруизм қай қайсымыздың да жүрегіміздің түкпірінде жатқан бар қасиет. Тәкаппарлық, тоғышарлыққа бой бермей, қажет еткен адамға жақсылық жасауға тырыс. Ол адамның көңілінің жұбанып, қуанғанын көріп, өзің де бақытқа кенелгендей боласың.
6. Өміріңе жаңалық енгіз. Бізді бала кезімізден бірқалыпты өмір сүруге дағдыландырған. Әрине, белгілі бір күн тәртібі, үйренген әдет-ғұрып, мәңгілік дос-жаран, тұрақты жұмыс, демалыс орны жамандықтың нышаны деп ешкім айта алмас. Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізудің ешбір айыбы жоқ. Қайта үйренген әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгертіп отыру – көңіл-күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығыңды арттырады.
7. Өзіңді бақытсыз сезінген жағдайда да өмірден түңілме. Өмірдің өзі қайғы мен қуаныштан, сүйініш пен күйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірдің күрес екенін ұмытпағаның жөн. Сондықтан алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге бел бусаң қайғы қасырет атаулы сенен аулақ жүреді. Ең бастысы – бойкүйездікке бой алдырма. Қашанда емін-жарқын жүргенге не жетсін!