jump to navigation

Құрбан айт мүбәрәк болсын! Қараша 26, 2009

Posted by saken in Тәрбие.
add a comment

Мерекелеріңізбен достар!!!

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР Қараша 15, 2009

Posted by saken in Тәрбие.
12 comments

Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.

Бажа. Бір    адамның    немесе    ағайынды    кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасыңдағы туыстық қатынастың атауы. (толығырақ…)

Эстафета Қараша 6, 2009

Posted by saken in Қызықты.
17 comments

777

Қазақ блогшылары эстафетаға жүгіріп, адамды қызықтырып жатыр екен 🙂

Менің де жүгіргім келіп кетті. Бұрынғыдай СолайДенің Шәйханасы да жоқ, былай-былай зүгіріп тұратын :))

Орталарыңа қосылып, бір жүгіріп алуға рұхсат беріңіздер.

Сонымен эстафета:

Өмір туралы.

… жақсылық пен жамандықтың күресі. Жақсылықтың жағында болғым келеді.

Уақыт туралы

Ең жүйрік зат. Онымен есептескен дұрыс.

…пунктуальді болғанды жақсы көремін.  Айтылған уақытпен жүруге тырысамын.

Отбасы туралы

Ең қымбат жандар.

Ақша туралы

су ғой :)) . Адал еңбекпен табылса жаман зат емес.

Достар туралы

(толығырақ…)

Оқу жайы Мамыр 31, 2008

Posted by saken in Саясат, Тарих.
10 comments

Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. (толығырақ…)

Сақина Мамыр 30, 2008

Posted by saken in Қызықты.
3 comments

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды.

Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол-тазалық таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. (толығырақ…)