jump to navigation

Күн генераторымен кино қарап, шай қайнатқан шаруагер Тамыз 23, 2007

Posted by saken in Қызықты.
trackback

Жапан түздегі жалғыз үйдің күн сәулесінен қуат алып, жарық жағып алып отырғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Керемет емес пе?! Бұл құр қиял болмай, шын мәнінде өмірге орнығып жатқан жаңалық екенін білгенде қазағуар тірліктің қазанын қайнатып жүргендердің біразы таңғалары сөзсіз.
Атырау қаласының маңындағы Еркін қала селолық округінің аумағында шағын ғана «Ізмағамбетов» шаруа қожалығы бар. Шаңырақ иесі Серікқали аға жетекшілік ететін бұл шаруашылықтың былай қарағанда өзгелерден көп ерекшілігі жоқ. Қарамағындағы 5 гектардай жерге көкөніс-бақша өнімдерін егеді, азын аулақ мал да асырайды. Бірақ бір таңқаларлық жері Серікқали Ізмамбетовтың жеке үйінің шатырында жаңадан қондырылған күн генераторы тұр. Сол арқылы күндіз күн көзінен қуат алып, кеш бата жарығын жарқыратып жағып отыр. Теледидардан киносын қарайды, шәйін де асықпай ішеді.
– Бұл күн генераторын шаруа қожалығына биыл наурыз айының басында Астанадан арнайы келген фирма өкілдері – қытайлықтар қондырып берді. Себебі, осы «Ізмамбетов» шару қожалығы осы Атырау өңірінде жүзеге асырыла бастаған «Қазақстанның басым бағыттағы жаһандық маңызы бар сулы-батпақты жерлерін кешенді қорғау» БҰҰ жобасына сәйкес пилоттық участке ретінде таңдалып алынған,-дейді Еркін қала селолық округінің әкімі Бауыржан Тілепбергенов.
Атырау облысының климаттық жағдайы бұған әбден сәйкес келеді екен. Бұл жерде Күн төбеден жылына шамамен 3 500 сағат бойы ыстық сәулесін төгіп тұратын көрінеді. Ол кәдімгідей ғылыми түрде дәлелденген.
Бір ғажабы Серікқали ағамыздың зайыбы Салиха апаның айтуынша күн генераторы арқылы ертелі-кеш жинақталып алынған электр қуатымен тоңазытқыш та, теледидар да, желдеткіш те үздіксіз жұмыс жасайды екен.
– Тіпті жанымыздағы өзекшеден егінге су жіберу үшін сорап қондырғысына да электр қуатын содан аламыз, – дейді Серікқали Ізмамбетов. Бұрын отағасы қарапайым мотор-движокқа жанар-жағармай іздеп әуре сарсаңға түсетін. Енді міне шатырдағы «жылтыр әйнектен» рахатты көріп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанынан жоспарланып отырған жоба шеңберінде қиян шеттегі қазақ үйіне мұндай «өркениет қарлығашының қонақтауы» көпті қызықтырмай қоймас, сірә. Әттең, шіркін, кең далада күн астында қой бағып, ата кәсібінен аз-маз болса да нәпақа тауып жеп отырған малшы отбасыларына бір-бір күн генераторы берілсе ғой деп армандайсың. Өйткені бұл алға өрлеудің, ілгері басудың белгісі ғой.
Т. Рамазанов
«Алтын орда»

Advertisements

Пікірлер»

No comments yet — be the first.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: