САЙЛАУ Қыркүйек 4, 2007
Posted by saken in Саясат.trackback
Осы жаз Жетісу, Семей, Ақмола, Торғай һәм Орал облыстарында сайлау. Қазақ сайлауы жұртқа келген бір жұт. Сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз, малшыдан басқа үйде отырып шаруасын қараған адам болмас. Сайлау жылы жұрттың көбінің мінгені біреудің арқасы жауыр, құйрығы шолағы, қыдырып ішкені біреудің қымызы, жатқаны біреудің үйінің арты, сайлау жылы қазақ ғұмыры осымен өтеді. Осыншама бүлінгендегі мақсаты болыс, би, елу басы, старшын болмақ, дұшпанынан кек алмақ, намысқа тырыспақ, момын бұқара халыққа алым-шығынды аударып тастап бай болмақ. Мұнан қазақ халқына келешек уақытта не пайда? Болыс болу да не қасиет?
Еуропа жұртының сайлауы халықка тегіс бір үлкен той. Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол, адам аспас асқар бел, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады. Сайлаған адамы халық қызметшісі, әр орынға сайланғанда мынау білгіш, мынау шешен, мынау көсем, мынау әділ деп әр қайсысын өз орнына сайлайды. Біз қайтеміз? Төрдегі басын есікке сүйреп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылып, атының майын параға беріп біздің адасқан сорлы қазақ міне болыс, міне би, міне старшын, міне елу басы дейді. Қазақтың бұл ісі, жүрмейтін сағат салған, атылмайтын алты-атар мылтық асынған, күштінің көлеңкесінде намаз оқыған секілді, құдай қарғағандық. Мұнда да не кінә бар: үлгісіз, өрнексіз өскен, ақшаға сатылған елу басылар тас салған соң, қарақшыға да түспекші емес пе?
Қырда үлгілі, өрнекті шешен, жүйрік, таза әділ жақсылар да бар ғой! Бұлардың қылып жүрген істері көзге көрініп тұрған жоқ, Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кезек келген жоқ па?
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт боп тіршілік қылып жүрмек емес. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан ерер еді. Жұртқа пайда келтіретін жол нұсқасы мынау: бұзылған атылмас мылтық иелері шығынын төлетіп алуға алымды момындарға, жетім-жесір бишараларға аударып жүр ғой. Осы алымды әділ закон жолы мен бөлем дегендер жиылса, сонан жұрттың пайдасы табылар еді…..
1913 жыл.
Бұл осыдан бір ғасырдай бұрын Әлихан Бөкейханұлының «Қазақ» газетіне жазған мақаласы екен. Арада қаншама жылдар өтті, қаншама билік ауысты… Бірақ ….
Kundy dep sanaimyn!
Osynyn barin tauyp, blogyna koigan kandai tamasha!
Ozgergen dunye tagy bar degenmen..
Bul makala jazgan kezde tauelsizdikke dushar edik.
Halyktyng sauatyn kalai ashamyz, kalai oyatu kerek degen maseleler tolgandyrushy edi…
Al kazirgi sayasatkerler kalai 50likke jetemiz dep tolganyp jatyr. Sonda serpilis bar bolgany
Өзгерген дүние бар екені шындық қой. Бірақ қазіргі саясаткерлердің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген сөздері мен істеп отырған істері көбіне сәйкес келмей қалатыны қынжылтады.
Менде қалаймын елімнің дамығанын.
Бірақ менің қалауым АҚШ, және сол тәрізді мемлекеттер емес… Мен елімнің Жапония, Корея мемлекеттері тәрізді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, елімнің экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайларының дамуы.
Арада 94 жыл өтсе де, мақала өз құнын жоймапты шынында да! Керемет мақала, рахмет!
Меніңше, жалпы алғанда, ресми БАҚ-тардағы мақалалардан гөрі осындай жекелегн блоггерлердің туындылары қызық сияқты.
Жарайсың!
1999 ден бері Қазақстандамын, алдында Жаңасібір жерінде болып едім.
Сол уақыттан бері байқағаным – сайлау шаршатып жібереді екен халықты. Соны ойлаған әкімгерлер шешімін тапқан ау-бірде 91 пайыз болса, екіншісінде жүз пайыз.
Азиаттық шешім.
Кез келген сайлау ел мен билік психологиясына құрылған. Сайлауда пситехнология қолданылатыны, ол үшін басқа елден мықты деген психологтар шақырылатыны, оларға қомақты қаржы төленетіні белгілі. Мен кеткен ақшаны қызғанып отырғаным жоқ. Бірақ жасалған әрекеттің күлкілі, адам сенбестей етіп жасалатыны түсініксіз. Кім үшін?…