jump to navigation

Мал атасы Қазан 15, 2007

Posted by saken in Қызықты.
trackback

Қазақ — ертеден мал баққан, малмен сыр-мінез халық. Ол әртүрлі малдың өзінің атасы, пірі, құдайы бар деп білген. Жылқы атасы — Қамбар, түйе атасы — Ойсылқара, сиыр атасы — Зеңгібаба, қой-ешкі атасы — Шопан ата деп санаған.
Сондай-ақ, қазақ бұрынғы уақытта төрт түлік малдың әрқайсысын өздерінің мінезіне, қасиеттеріне қарай арнаулы сөз-атаумен шақырған, тиған, жекіген.
Мысалы: жылқыны «қыру-қыру», «мо-мо!» деп шақыр-ған; «Тәк-тәк!» деп тиған, «жамандатқыр!» деп қарғаған. Түйені «Кәуіс-кәуіс!» деп шақырған; «шөк-шөк!» деп тиған; «сарып болғыр!» деп қарғаған. Сиырды «ауқау-ауқау» деп шақырған: «Өк-өк» деп тиған; «қарасан келгір!» деп қарғаған. «Кебенек келгір» деп ұрысқан. Қойды — «бтішеу-бтішеу!» деп шақырған; «шөйт-шөйт!»деп қайырған, «топалаң келгір!» деп қарғаған.
Қазақ малдың иесіз қалуын, арам өлуін олар үшін ауыр жаза деп түсінген: төрт түлік малдың қай-қайсысын болсын «иесіз қалғыр!», «арам қатқыр!» деп те қарғаған.
Бұрын қазақ есекті, шошқаны малға санамаған, асырамаған. Сондықтан оларды әлгі аталған малдардай иесі бар деп білмеген, арнайы атаумен атамаған.
Малды бағушыларды қойшы, жылқышы, түйеші деп атаған. Ал сиыр бағушыны сиыршы демей падашы деген.

Advertisements

Пікірлер»

1. elvira - Қазан 27, 2009

rahmet! kop narse bilip aldim. rasinda kizikti jazilgan!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: