jump to navigation

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ Қазан 16, 2007

Posted by saken in Тарих.
trackback

Европада көшпелі рулар жөнінде әлі күнге дейін бір жалған пікір басым болып келеді. Ол жалған пікір бойынша, көшпелі рулар бір жауыз тобыр сияқты. Бір тәртіпсіз тағы сияқты. Олардың ойынша, көшпелі моңғолдар мен қазақтар мал сияқты жосып жүрген надан варварларға жақын боп шығады. Ал шынына келсек, бұл тағы деп отырған жұрттардың көбінің жазба түрінде болсын, әуез түрінде болсын, өз әдебиеті бар, өз сөз өнері бар…
Солардың ішінде қазақ халқы айрықша шығады. Ақыл-ой өнері жағынан сахараның қазағы шаһарда тұратын татарлар мен түріктерден әлдеқайда жоғары жатыр. Поэзияға деген бейімділік, әсіресе импровизацияға деген дарындылық көшпелі жұрттардың бәрінде болатын бір қасиет. Бәдәуилердің ақындық зейіні мен ақын жыраулары туралы Еуропалықтарға бұрыннан мәлім. Арабстан сахарасын кезіп, ондағы бәдәуилерді көрген жиһанкездер – берілген сұраулардың қайсысына да болсын мүдірместен өлеңмен жауап қайырған жалаңаш балапар туралы талай рет таңданып жазған болатын. Мұндай күй моңғол, түрік тұқымдарында бар. Мұндай қасиеттің болуына көшпелілерге өздерінің алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай жұлдызы көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме мұны білудің бізге әзір қажеті жоқ…
Түрік тұкымдас халықтардың ішінде ақындық өнері жағынан бірінші орынды алатын халық – сірә, қазақ халқы болар.
…Қазақ тілі түрік тілдерінің ішіндегі ең тамашасы. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасанды бояма сөздер жоқ, ол таза тіл. Солай болғандықтан мұның поэтикалық қасиеті де ерекше. Сахарада туған поэзия болғандықтан қазақ поэзиясының араб поэзиясымен байланысы бар, екеуінде де сюжеттік ұқсастық, бірдейлік тән, көшпелі өмірдің суретін, ру араларының дау-шарын жырлау жағынан екеуі бір-біріне тіпті ұқсас. Қайткенде де қазақ поэзиясы өмірдің елесін, өз қоғамының ұғымы мен қарым-қатынасын дұрыс суреттейді.
…Ал ол поэмалардың бір жақсылығы – Алтын Орда заманына жататын батырлар жөнінде тарихи дұрыс, бұрмалаусыз жырлайды. Әрқайсысы әр заманда жасаса да қазақ жыраулары өз дәуірлерінің тамаша кезеңдерін халықтың есінде мәңгі қаларлықтай етіп жырлап кетті. Бұлардың жырлағаны тұтас бір оқиға сияқты. Бұл поэмаларда өз халқының әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, заңдары жалпы алған да өз халқының еткен тарихы мен рухани өмірі толық суреттеледі, сондықтан бұл поэмалар бізге қазақ халқының тарихын білу жөнінде үлкен дерек болмақ. Қазақ халқының өзінің ескі аңызын, ескі нанымын сол күйінде аман-есен сақтап келуі таңқаларлық іс және сол өткеннің жыр болған оқиғалары қазақ даласының шартарабында бірдей, бір біріне ұқсас болып жырланады. Бәрі де бір қолжазбадан көшірілген сияқты. Көшпелілердің ауыз әдебиетінің мұндай ұқсастығы және дәлелділігі басқаларға жат болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл шүбәсіз факты.

Шоқан Уәлиханов

Advertisements

Пікірлер»

1. Даурен - Наурыз 15, 2010

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: