jump to navigation

Киіз үй Қараша 27, 2007

Posted by saken in Тәрбие, Қызықты.
trackback

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. Киіз үйдің құрылысы бірнеше негізгі бөліктерден тұрады.

777

Киіз үйдің сыртқы бейнесі

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.

Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.

Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта «туырлық» деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны «ақ үй», қоңыр жүннен басылған киізден жасалса «қоңыр үй» деп атайды.

Шаңырақ Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

Shangyraq

Шаңырақ

 

1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Киіз үй керегесі

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.

Kerege

Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

uyq

Уық

Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Esik

Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»

Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2-босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5-табалдырық.

Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.

Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды.

kiiz ui

Киіз үйдің сүйегі: 1 – кереге, 2 – уық, 3 – шаңырақ, 4 – сықырлауық

Advertisements

Пікірлер»

1. bakytnur - Қараша 27, 2007

Salem!

Ote kajetti!

Wikipediaga da osylai jazip koyu kerek eken!

2. Janarbek - Наурыз 6, 2008

Ozing jazdyng ba? Keremet eken.

Osyndai kiiz uide omir surgen Kazakhtyng balasymyz goi.

3. Gastarbaiter - Ақпан 3, 2009

Біз баяғыда әкем басқа районда үй соғып бітіргенше, жаз бойы Пәтерден қатынауға ерініп, қасына қараша үй тігіп, сол үйде өмір сүргенбіз:)
ПЫСЫ. Бізде бұны Қараша Үй дейді.

4. Вандам - Шілде 10, 2009

Ал бізде Қарүй дейді. «Қара үй» дегеннен шықса керек.

saken - Қараша 7, 2009

Вандам екеуміз жерлес шығармыз :))
бізде де Қарүй деуші еді…

5. Керім - Қараша 29, 2009

мен тіпті, көп нәрсесін білмейді екенмін ғой! Рахмет, жарайсың, досым!

6. салтанат - Қазан 24, 2010

бізде оны осылайша киіз үй дейді сендердікі қызық екен

7. SAULE - Қазан 30, 2010

бәрі жақсы жазылған, суреттеріде әдемі

Гульжан - Ақпан 5, 2011

Осындай тамаша малиметтерди Википедияга тиркеп отыру керек. Оздериниз байкасаныздар кажетти казак сайттары оте аз, казакша акпараттар табу киын.

saken - Ақпан 5, 2011

Қолымнан келгенше Қазақша Уикипедияға мәліметтер қосып және толықтырулар жасап отырмын.

8. Asema - Ақпан 9, 2011

Рахмет! Менің қызым киіз үй жайлы ғылыми жұмыс алған еді, соған көп көмегі тиді.

saken - Ақпан 9, 2011

қуаныштымын! 🙂

9. Султан - Ақпан 14, 2011

Казактын білмейтін жігіттеріне керек коп коп рахмет

10. Жансая - Ақпан 27, 2011

жақсы болды енди қазақстан тарихынан 5 алатын шыгармын

saken - Ақпан 27, 2011

оң болсын! 🙂


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: