jump to navigation

Сақина Мамыр 30, 2008

Posted by saken in Қызықты.
trackback

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды.

Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина, не жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі «Сақинаны сәнге салмайды, ол-тазалық таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғарып, байқағанын көрсетсе керек. Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек- жаялығын жуар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі, не абысыны) «Қолыңа сақина салып ал, (ол) тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.

Тілімізде сақинаға қатысты бірсыпыра атаулар бар:

Ақық сақина – кішкентай ақық қондырылған сақина.

Алтын сақина – таза алтыннан соғылған сақина.

Балдық сақина – сақинаның саусақ үстіне қараған беті төртбұрыш болып келетін түрі.

Бұрама сақина – алтын, күмісті есіп жасаған сақина.

Жез сақина – саусаққа салу үшін емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалған мыс шығыршық

Қапқаз сақина – қара ала өрнекті сақина түрі.

Күміс сақина – таза күмістен соққан, не құйып жасаған сақина.

Қола сақина – қоладан жасай салған арзанқол сақина.

Құсмұрын сақина – үсті дөңестеу келген сақина түрі.

Моншақты сақина – моншақ қондырылған сақина.

Мыс сақина – мыстан жасалған ортақол сақина.

Неке сақинасы – жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлаған сақина.

Өткерме – сақинаның жергілікті тілдегі атауы.

Сақинек – пышақ, қылыш т.б. құралдардың сапқа жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс, не күмістен жасалатын балдық, мойнақ.

Сіркелі сақина – бетіне ұсақ түйіршіктерден сірке өрнек салған сақина.

Тасты сақина – тас,шыны орнатқан сақина.

Темір сақина – темірден жасалған тығыршық, сақинек. Тіліміздегі «сақинасы ұстап отыр», «сау басқа сақина салды», «сау басына сақина тіледі» деген тұрақты сөз тіркестері өзіне өзі істеді, азап, ауру тілеп алды деген мағынада жұмсалады. «Сақинасы сынық» фразалық сөз орамы қыз емес, әйел мағынада қолданылады. «Сақинасын сындырған» деген тіркес тұрмысқа шығуға байланысты айтылады.

Р. Шойбеков.

Advertisements

Пікірлер»

1. Bayan - Тамыз 5, 2009

Менің бір естігенім бар, құдағи сақина деген де болады екен. Көлемі үлкен, екінші, үшінші саусаққа киілетін.

saken - Қараша 7, 2009

Құдағи жүзік деп аталады екен.
Құдағи жүзік – ертеректегі салт бойынша қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын қос дөңгелекті, үсті тұтас қомақты, асыл тастардан көз қондырылып, алтынмен қапталған қымбат бұйым. Бұл кәдімгі қос балдақ жүзікке ұқсас, бірақ одан көркемделуі жағынан ерекше болып келетін жүзік. Мұны қыздың анасы зергерге арнайы дайындатады да, екі жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің белгісі ретінде сыйға тартады.

2. Aldiyar - Шілде 25, 2011

Ассалаумағалейкум! Айтыңыздаршы,ер балаға қанша жасында, қандай жағдайда,қандай(алтын,күміс), қай саусаққа сақина тағуға болады.Әрине шариғат заңдарымен.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: