jump to navigation

Оқу жайы Мамыр 31, 2008

Posted by saken in Саясат, Тарих.
trackback

Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жок. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі ойлап қараса, біздің қазақ мұғалімсіз емес. Бұл заманда не нәрсе машинаға істеледі. 10-11 сомға алып отырған былғары былтырғы 4-5 сомға сатқан терісі.Киізі 6-7 сомдық шұғалар, трикелер қазақтың бір пұдына 3-4 сом алып жатқан малының жүні. Қазақтың осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол алған нәрселерінің бәрін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс аяқ, бәрі де заводта, фабрикада істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нәрсенің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20-25 жыл бұрын қазақ Бұқар, Ташкентке түйемен кіре салып, қанша пайда қылушы еді. Теміржол түскен соң ол пайда да қазақ қолынан кетті. Басқа жұрттан да өздерінің істеген нәрселерін өз ішіне сатып, жұмсалған ақша өз іштерінде қалып шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен біріне ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ…

Ахмет Байтұрсынұлы

«Қазақ», №11, 1913 ж.

Осы мақаланы оқып отырып, содан бері 1 ғасыр емес, тіпті 1 жылда уақыт өтпегендей ойға қалдым…

Пікірлер»

1. urimtal - Маусым 1, 2008

Келісемін. Түк өзгеріс жоқ. Өндіріп отырған жоқпыз, шикізат сатқанға мәзбіз. Қызықты мәліметпен бөліскеніңе рахмет, Сәкен!

2. Сакен - Маусым 19, 2008

ойыңа қосыламын, білімсіз алысқа кете алмайсың, ал еш пайдалы қазбасы жоқ білімді бірінші приоритетте қойған Сингапур елінің ішкі өнім табысы Қазақстандікінен 3 есе жоғары болып табылады! Сәкен

3. saken - Маусым 26, 2008

Ең жаманы барды да игере алмай отырғанымыз ғой. ҚазСат соның дәлелі деп ойлаймын.

4. urimtal - Шілде 27, 2008

Айтпа! Масқара болдық!

5. Aina - Тамыз 22, 2008

Бос сөзге толы блог. Дым қызық емес.

6. serikbai - Қараша 2, 2008

Сәкен! Ойыңыз дұрыс, шындығы мол. Әрі қарай қызықты тақырыптар болады деп ойлаймын. Серікбай Смағұлұлы, Қызылорда.

7. Jan_aina - Қараша 3, 2008

Қадіріне жеткенге, қадірі артық мақала! Осы материалды сіздің блогыңызға кірген сайын оқимын. Ойланамын… Сосын, тағы да «Осы Сәкен мырза неге блогына мән бермей кетті екен?» деп те ойланамын 🙂

8. Gastarbaiter - Сәуір 7, 2009

Ақұдай десейші..

saken - Қараша 7, 2009

иә дейін… 🙂

9. Бөкен - Қыркүйек 28, 2009

KAzSat жоғалды деп естіп едім кәзір менің байқауымша Қазақстан телеарналарының бәрі аналог системада әлі саутникке сандық жүйеге ауыстырмаған егер сандық жүйеге көшсе дүние жүзі қазастанды еркін көріп танитын болады. Кәзір қытайды алып қарасаңыз өздерінің ішкі жағдайларын шетелге таныту үшін ССТВ арнасын қытай орыс араб тілдерінде көрсете бастады.


Leave a reply to saken Жауап беруден бас тарту