jump to navigation

Эстафета Қараша 6, 2009

Posted by saken in Қызықты.
trackback

777

Қазақ блогшылары эстафетаға жүгіріп, адамды қызықтырып жатыр екен 🙂

Менің де жүгіргім келіп кетті. Бұрынғыдай СолайДенің Шәйханасы да жоқ, былай-былай зүгіріп тұратын :))

Орталарыңа қосылып, бір жүгіріп алуға рұхсат беріңіздер.

Сонымен эстафета:

Өмір туралы.

… жақсылық пен жамандықтың күресі. Жақсылықтың жағында болғым келеді.

Уақыт туралы

Ең жүйрік зат. Онымен есептескен дұрыс.

…пунктуальді болғанды жақсы көремін.  Айтылған уақытпен жүруге тырысамын.

Отбасы туралы

Ең қымбат жандар.

Ақша туралы

су ғой :)) . Адал еңбекпен табылса жаман зат емес.

Достар туралы

достарым жаман емес сияқты. Өзімде жақсы дос болғым келеді.

Арман туралы

елімнің Тәуелсіздігі нығайа түссе екен. Сол елімнің АЗАМАТЫ болсам деймін.

қиялилау арманнан: Қазақ  құрамасы футболдан (толығымен қазақ жастарынан құралған) Ресей құрамасын ойсырата ұтып жатса, сол ойынды стадионнан көрсем… арманымның шегі сияқты :)))

Жұмыс пен хобби туралы

жұмысым өзіме ұнайды. Қазақ мемлекетіне керекті мамандықтың иесімін деп есептеймін өзімді.

Хобби… хобби деген нәрсеге үйір болмаппын. Компютеріме қазақша әндерді жинап, достарыммен бөліскенім болмаса.

Ұстаным  туралы

Ұлтшылдықты (нацизм мен фашизм емес) жаман қасиет деп есептемеймін .

Ақылға сыймайтын әрекеттер

ондай әрекет жасап көрмеппін.

Болашақ туралы

жамандықтар аз болып, жақсылықтар көп болса деймін.

Блогым сайтқа айналса деймін…  деп арманымды жазып кетейін тағы да )))

Эстафетаны ешкімге ұсына алмаймын. Жәй стадионның ортасынан жүгіріп өткен жанкүйер деп есептеңіздер 🙂

Advertisements

Пікірлер»

1. aizhannur - Қараша 7, 2009

armanynyz oryndalsyn :))))

saken - Қараша 8, 2009

рахмет 🙂

2. urimtal - Қараша 7, 2009

Сәтті жүгіріп шықтың деп есептеймін 🙂 Ұстанымыңның басын ашып, түсіндіргенің жөн болған. Арманыңның орындалуына тілектеспін.
Пы.Сы. Ана жоғарыдағы бірін бірін қуалағандырды өзің жасаңды ба? Күчт!

saken - Қараша 7, 2009

ол суретті өзім жасамадым… бірақ осы тақырыпқа сай сурет сияқты көрінді 🙂

3. aizhannur - Қараша 7, 2009

tuuu, mende jugirip wykkym kelip ketti goi!!!

saken - Қараша 7, 2009

әп-пісіміллә деп жүгіріп шығыңыз 🙂 кәк рәс эстафета таяқшасын саған ұсынған болайын 🙂

aizhannur - Қараша 7, 2009

ок! рахмет :))))

4. Boken - Қараша 7, 2009

Қазақ құрамасы футболдан (толығымен қазақ жастарынан құралған) Ресей құрамасын ойсырата ұтып жатса, сол ойынды стадионнан көрсем… арманымның шегі сияқты 🙂 )) өте тамаша менде соны іштей көп ойлаймын армыныңызға жетуіңізге тілектеспін

saken - Қараша 7, 2009

сол ойынды көріп қуануға жазсын !!! 🙂

5. Ақзере - Қараша 8, 2009

Сәкен, ара-тұра блогыңды жаңартып тұрсаң арманыңның орындалуы да алыс емес сияқты… 🙂

saken - Қараша 9, 2009

🙂

ара-тұра жаңартып тұруға тырысайын

6. Баян - Қараша 9, 2009

Сен — жақсы доссың !
Көөөп армандарың бар екен, солар орындалсын!

saken - Қараша 9, 2009

рахмееет!!! 🙂

әсіресе футбол жайлы арман орындалса, тіптен қуанатын шығармыз екеуміз :))

Баян - Қараша 9, 2009

Бұл арманды күніне үш мәрте қайталау керек шығар 🙂

7. saken - Қараша 9, 2009

орындалатын болса азанда 3 рет, түсте 3 рет, кешке 3 рет қайталап тұрса да артық болмас еді :)))

8. Керім - Қараша 29, 2009

Уақыт туралы айтқаның ұнады!

9. balzaminka - Қараша 18, 2010

Сәкеннн, блогыңның барын жаңа біліп отырмын, армандарыңа аман-есен жеткізуді жазсын!!!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: