jump to navigation

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР Қараша 15, 2009

Posted by saken in Тәрбие.
trackback

Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.

Бажа. Бір    адамның    немесе    ағайынды    кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасыңдағы туыстық қатынастың атауы.

Балдыз. Әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

Ене. Ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.

Құда. Күйеу мен қалындықтың  (ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

Құда     бала. Құдасының   баласы   (ұлы)   т.   б.   жасы кіші туысы.

Құдағи. Күйеу   мен  қалыңдықтың   шешелері  немесе әжелері.  (Құдаңдал адамдардың әйелдері).

Құда-жекжат. Ілік-шатыс құда адамдар.

Құдандалы. Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.

Құдаша. Ерлі-зайыпты адамдардың  жасы  кіші  әйел туыстары; құдандалы адамдардың қыздары.

Жиен. Күйеуге шыққан қыздан туған бала.

Жиеншар. Жиеннен туған бала.

Жеңге. Жасы үлкен ағасының келіншектері.

Жезде. Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Киіт. Құда-қүдағиларға  киім-кешек түрінде берілетін сыйлық.

Күйеу. Әйелдің ері, жұбайы.

Келін. Ата-ана    үшін   баласының    әйелі    де,    жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

Қайын. Қыз  алып,  қыз  берген  екі  елдің күйеу  мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

Қайын аға. Ерлі-зайыптылардың туған және туыскан ағалары.

Қайын ата. Күйеу мен келіншектің туған әкелері.

Қайын   ене. Ерлі-зайыптылардың  туған   шешелері.

Қайын      бике. Күйеуінің туған – туысқан әпкелері.

Қайын сіңлі. Күйеуінің қарындастары.

Advertisements

Пікірлер»

1. aizhannur - Қараша 15, 2009

rahmeet! keremet boldy mynau degen :)))

tek kiittin abaisyzda kirip ketkeni kyzyk boldy! 😀

jattap alu kerek eken osy ataulardy…

saken - Қараша 15, 2009

:))
иә, шынында да… тіпті жаңа мән беріппін.

алып тастамай-ақ қояйын, иә? 🙂

aizhannur - Қараша 15, 2009

жоқ, алып тастама 🙂 арасында қонаққа келгендей бола берсін :))))

2. Баян - Қараша 16, 2009

Жаттап алу керек екен 🙂

3. Фарид - Қараша 18, 2009

Бұларды білмейтін бе едіңіздер 🙂 Мен мұнда қазақшаға судайлар ғана деп ойласам 🙂

Бақай - Қаңтар 19, 2010

Қазақ тіліне емес қазақша атауларға қатысты болып тұр ғой мняхта.

4. saken - Қараша 18, 2009

Жалпы интернетте отыратындарға арнап қойылған мәлімет қой 🙂
Білмегендер біле жүрсін деп 🙂

5. aburaykhan.intway.info - Ақпан 22, 2010

рахметтттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

6. Serzha - Наурыз 16, 2010

осы қазақтардың туыстық қатынастары әлемдегі ең күрделілердің бірі шығар

7. Aidos - Сәуір 10, 2010

рахмет. көптеген шалақазақтарға керек нәрсе екен.

8. elik - Қараша 9, 2010

Бул атаулар расындада жақсы екен білген артығы болмайды ғой

9. RAS2 - Желтоқсан 30, 2010

Как раз то что нужно!!! Спасибо большое, надеюсь экзамен здам на А+ !!! ХОРОШИЙ САЙТ! Кстати, всем П_Р_И_В_Е_Т!!!


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: