jump to navigation

Құрбан айт мүбәрәк болсын! Қараша 26, 2009

Posted by saken in Тәрбие.
add a comment

Мерекелеріңізбен достар!!!

Advertisements

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАР Қараша 15, 2009

Posted by saken in Тәрбие.
12 comments

Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.

Бажа. Бір    адамның    немесе    ағайынды    кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасыңдағы туыстық қатынастың атауы. (толығырақ…)

Он төрт тоймас бар Қараша 27, 2007

Posted by saken in Тәрбие.
1 comment so far

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды.
Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды.
Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды.
Өмір жасауға тоймайды, бай малға тоймайды.
Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды.
Қатын ерге тоймайды, өлік дұғаға тоймайды.
Бала нанға тоймайды, тірі іске тоймайды.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Көңіліңе астамшылық алма Қараша 27, 2007

Posted by saken in Ертегілер елінде, Тәрбие.
1 comment so far

Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады. (толығырақ…)

Киіз үй Қараша 27, 2007

Posted by saken in Тәрбие, Қызықты.
15 comments

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді. (толығырақ…)